Сейфуллин даңғылы бойындағы учаскелердің бірінде жұмыс аяқталып, Алматы-1 вокзалының айналмасынан Жұмабаев көшесіне дейін қозғалыс ашылды. Бұл туралы Almaty_Joly telegram арнасында жазылды.
"Енді полимерлі асфальтбетонды төсеу жұмыстары Сейфуллин даңғылының Жұмабаев көшесінен Ақан Сері көшесіне дейін жүргізілмек. 8 тамыз сағ. 23:00-ден 10 тамыз сағ. 07:00-ге дейін қозғалыс толық жабылады. Ақан Сері, Жұмабаев, Жансүгіров және іргелес көшелер арқылы айналма жол қамтамасыз етіледі. Жұмабаев, Айбасов, Дулатов, Котельников, Ақан Сері көшелері арқылы тура жол ашық болады",– деп жазылған хабарламада.
Жол қозғалысын ұйымдастыруға 4 патрульдік полиция бригадасы жұмылдырылады.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы жол жөндеу бойынша ақпарат жарияланатын Telegram каналы ашылды.