Тікелей эфир

Жиһаз ойнатып, қаржы пирамидасын құрған әйел 5 жыл түрмеде отырады

Қаржылық пирамидадан 153 адам зардап шеккен.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жеке тұлғалардан қаражатты тарта отырып, "Нұр жиһаз" онлайн жобасында жиһаз ойнату арқылы, міндетті түрде жаңа салымшыларды тарту шартымен қаржылық пирамидасын ұйымдастырған азаматшаға қатысты қылмыстық істі аяқтады. 

Тергеу барысында 7,5 млн теңгеден аса мүліктік залал келтірілген 153 азамат анықталған. 

Сот істі талқылап, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азаматшаны кінәлі деп танып, қаржылық және коммерциялық ұйымдарды басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 7 жылға айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.


Оқи отырыңыз: Қаржы пирамидасының белгілері қандай және оған қалай алданбауға болады?


 

Серіктестер жаңалықтары