Тікелей эфир

Жетісу, Абай, Ұлытау облыстарында көлік нөмірлері қандай болады?

Көліктің нөмір кодтарын енгізу барысында бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстыру міндетті емес.

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда жаңадан құрылған үш облыста берілетін автокөліктің аймақтық нөмірлері жариялады.

Өңірлік кодтар қазақ тілінің әліпби тәртібімен беріледі.

"Осыған байланысты жаңадан пайда болған үш облысқа автокөліктердің өңірлерлік кодтарын мынадай тәртіппен беру ұсынылады: Абай облысы – 18, Жетісу облысы – 19, Ұлытау облысы – 20", – делінген ІІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Аталған облыстарда көліктің нөмір кодтарын енгізу барысында көлік құралдарындағы бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстыру қажет емес.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда 10 млн теңгеге қандай көлік сатып алуға болады?


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары