Тікелей эфир

Жеңіс Қасымбек: Астанада мәселе көп, олар президенттің ерекше бақылауында

Жеңіс Қасымбек қала тұрғындарымен жыл соңына дейін кездесу өткізетінін айтты.

Астана қаласының жаңа әкімі Жеңіс Қасымбек үкімет кулуарында қаладағы өзекті мәселелер туралы айтты. 

"Маңызды мәселе көп. Сондықтан нақты біреуін бөліп айта алмаймын. Бәрі маңызды. Оның ішінде жылыту маусымына дайындық, үшінші жылу электр орталығын салу, газ стансасы, үлескерлер мәселесі бар. Бүгінде 47 мың адам кезекте тұр. Оның жартысы – көпбалалы отбасылар. Сол кісілердің мәселесін шешу керек. Коммуналдық желілердің тозығы бар. Сондай мәселелер бар", – деді қала әкімі.

Осы ретте Жеңіс Қасымбек қала тұрғындарымен жыл соңына дейін кездесу өткізетінін айтты.

Сонымен қатар ол ЛРТ құрылысы 2-3 жыл ішінде аяқталатынын айтты. Қаланы газдандыру жұмыстары да жалғасын табатынын сендірді. 


Оқи отырыңыз: Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі болып тағайындалды


Сондай-ақ Жеңіс Қасымбек өзінің астана қаласының әкімі ретінде тағайындалуына қатысты пікір білдірді.

"Тағайындалған соң, жұмыс істеймін. Бұл мемлекет басшысының сенімі. Сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтарының да сенімі мен үміті бар. Мен осы сенімді ақтау үшін бар күшімді, білімім мен тәжірибемді саламын. Мәселе көп, үкімет қолдайды, мемлекет басшысы қаладағы жағдайды ерекше бақылауда ұстайды. Сондықтан көп мәселе шешіледі деп сенемін", – деді қала басшысы.

Серіктестер жаңалықтары