Ашық НҚА порталында жарияланған Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының жаңа нұсқасының жобасы жарияланды. Ереже жастар кәсіпкерлігін дамытуға арналған микрокредит беру тәртібімен толықтырылған.
Жастарға арналған жаңа кредит "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы беріледі. Негізгі шарттары:
- микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін);
- микрокредиттің ең жоғары сомасы – 5 миллион теңгеге дейін;
- сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайды;
- микрокредит кепілмен қамтамасыз етілуі шарт.
Несие алушыларға микрокредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең беріледі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген құжат жобасы 2 желтоқсанға дейін қоғам талқысына ұсынылған.
Оқи отырыңыз:
- Жастарға арналған бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді
- Кәсіп ашқыңыз келсе... Шағын несиеге қалай қол жеткізуге болады?
Несие беру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырылады. Несие алатын уақытта үміткерлердің жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылдан аспаған болуы шарт.
Сондай-ақ, жобада микрокредит беру үшін үміткердің жасы құжаттарды тапсыру сәтінде ескерілетіні жазылған. Алайда, оның тәртібі айқындалмаған.
Бизнес-жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы айына ең кемі бір рет өткізіледі.
Оқи отырыңыз: Пәтер алуға арналған 8 ипотека. Тиімдісі қайсы?
Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі Жолдауында жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін жылдық 2,5% жеңілдікпен микрокредит беру тетігін іске қосуды тапсырған болатын.