2021 жылдың үшінші тоқсанында 15-28 жас аралығындағы азаматтардың жұмыссыздық деңгейі 3,7% болды, 2020 жылдың осы уақытында көрсеткіш 3,9% болған еді. Қалада жасөспірімдер жұмыссыздығы 4,1%, ал ауылда 3,2%, деп хабарлады Naryk.kz.
жалпы елдегі жұмыссыздық деңгейінің 4,9% екені белгілі. Соның ішінде қалада 5%, ал ауылда 4,7%. Жастардың ішінде ерлердің жұмыссыздығы 3,1%, соның ішінде қалада 3,6%, ауылда 2,4%. Бойжеткендер жұмыссыздығы 4,4%, соның ішінде қалада 4,5%, ауылда 4,1%.
Өңірлер бойынша жастардың жұмыссыздық деңгейі ең жоғары Алматы қаласы (5,4%), артынша астана (4,6%) және Қарағанды облысы (4,3%). Ең төмен өңірлер Атырау (2,5%), Ақтөбе (2,6%) және Павлодар облыстар (2,7%).
Бұдан бөлек Қызылорда облысында 4%, БҚО-да 3,8%, Шымкент қаласында 3,7%, Түркістан облысында 3,6%, Алматы облысында, ШҚО-да, Маңғыстау облысында 3,4%, Қостанай облысында 3,1%, Жамбыл мен Ақмола облыстарында 2,9%, СҚО-да 2,8%.
Оқи отырыңыз: Экономист ең төменгі жалақыны есептеу тәртібі ескіргенін айтты