Тікелей эфир

Жанарбек Әшімжан: Қазір бүкіл дүние оттан көйлек киіп тұр

Мәжіліс депутаты ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін БАҚ жұмысын кәсіби деңгейде ұйымдастыру қажеттігін айтты.

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалда жаңа медиа, түрлі әлеуметтік желілерде бұқараны жолдан тайдыруға бағытталған жалған ақпараттар тасқыны жиілеп кеткеніне назар аударды. Оның айтуынша, түрлі блогерлер мен есім-сойын жасырған әртүрлі акаунттар, жең ұшынан жалғасқан боттар елдің тынышын қашырып, алауыздықтың шоғын үрлеуге жол беріп отыр.

"Қазір бүкіл дүние оттан көйлек киіп тұр. Тәуелсіз Қазақ елінің қоғамдық-саяси өмірінде ақпараттық жауапкершіліктің салмағы әрқайсымызды терең ойландыру керек. Әсіресе, миллиондаған жазылушысы бар блогерлер мен интернет ресурстар жетекшілерінің мемлекетшілдік жауапкершілігі маңызды. Ел ішін бүлдіріп, бөлшектеуге, алауыздықты қоздыруға, жалған ақпарат таратуға жасалған әрбір қадамға құқықтық тұрғыдан қатаң баға берілу керек", – деді мәжіліс депутаты.


Оқи отырыңыз: Бас прокуратура жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапқа тартылатынын еске салды


Жанарбек Әшімжан осы орайда уәкілетті органдарды кез келген мәселеге сәтінде құқықтық баға беріп, қоғамды, елді шынайы ақпараттармен қамтамасыз етуге шақырды. Оның сөзінше, заманауи технологиялар үшін түбі шикі, шеттен қаржылық қолдау алатын анонимдердің жеке басын анықтап, арандатушылардың іс-әрекетіне ашық түрде баға беру қажет.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары