Талдықорғанда Қайрат Нұртас отырған көлік жол ережесін өрескел бұзды. Олар көлік жүруге тыйым салынған жермен жүріп өткен, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.
Агенттіктің жазуынша, желіге әнші Қайрат Нұртастың көлікпен жүруге рұқсат етілмеген жермен кетіп бара жатқан видеосы жарияланғаннан кейін оқырмандар наразылық білдірген болатын.
Жетісу облыстық полициясы ережені бұзған көлік жүргізушісін анықтап, оған айыппұл салды.
Оқи отырыңыз: 2023 жылы Қазақстанда көлік айыппұлы мен салығының мөлшері қалай өзгереді?
"Mercedes-Benz жүргізушісі Талдықорған қаласында ҚР жол ережелерін бұзуға жол бергенін хабарлаймыз (Қозғалысқа тыйым салынады). Іздестіру іс-шаралары барысында 45 жастағы автокөлік жүргізушісі Алматы қаласының аумағында ұсталып, ҚР ӘҚБтК 601-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды (Жол белгілерімен көрсетілген талаптарды сақтамау). Жетісу полициясы азаматтарға белсенді азаматтық ұстанымын көрсеткені, құқық бұзушылықтарға бейжай қарамағаны және құқықтық тәртіп органдарына жәрдемдескені үшін алғыс білдіреді", – делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, Қайрат Нұртас мінген көлік Талдықорғанның орталық алаңымен жүрген. Бұл алаңда көліктердің жүруіне шектеу қойылған.