Жетісу облысында басшысын бопсалап, пәтерін тартып алмақ болған адам сотталды

Фото: Egemen.kz
Фото: Egemen.kz
Оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Жетісу облысында бұрынғы компания қызметкері басшысын бопсалап, пәтерін тартып алмақ болған, деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасы. 

Прокуратура мәліметінше, кәсіпкердің коммерциялық қызметінде анықталған заңбұзушылықтар туралы ақпаратты жария етпеу үшін 16 миллион теңге тұратын пәтерді талап еткен.

Полиция қызметкерлері күдіктіні пәтер құжаттарын алу кезінде қылмыстық әрекеттің жолын кескен.

"Сот сотталушыны ҚК-нің 194-бабы (бопсалау) бойынша кінәлі деп танып, оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді. Жетісу облысының прокуратурасы азаматтар мен кәсіпкерлерді бопсалау фактілері туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады", – делінген хабарламада.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары