Тікелей эфир

Желаяқтар 8 күнге созылатын Нұр-Сұлтан – Орал марафонына жолға шықты

Оған 15 тәжірибелі ультрамарафон жүгірушілері қатысады.

Елордада Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алаңында "Нұр-Сұлтан – Орал" марафоны басталды. Іс-шараны "Астана желаяғы" марафоншылар клубы" ҚБ "Қазақстан құрылысшылар одағы" РЗТБ-мен бірге ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырды, деп хабарлады Elorda.info.

Марафон 8 күнге созылады, жалпы қашықтық 2 021 шақырымды құрайды. Бағыт Нұр-Сұлтан – Көкшетау – Петропавл – Қостанай – Ақтөбе – Орал қалалары арқылы өтеді. Оған 15 тәжірибелі ультрамарафон жүгірушілері қатысады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты – ел тарихын және туған жерін қасық қаны қалғанша қорғаған батырлардың ерлігін еске алу және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына үлес қосқан замандастарын атап өту, сондай-ақ өскелең ұрпақтың ел алдындағы жауапкершілігін тәрбиелеуге ықпал ету.

Сурет: astana.gov.kz

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын ашатын символ ретінде Көкшетау қаласының әкімі қабылдап, басқа облыстарға жолдайды. Бүкіл маршрут бойы спортшылар эстафетаны тапсыра отырып, еліміздің тарихымен және Тәуелсіздігіміздің қалыптасуымен байланысты тарихи маңызды орындарда (ескерткіштер, алаңдар, өлкетану мұражайлары) жергілікті тұрғындармен кездеседі.

Бұл іс-шараларға белгілі мәдениет және спорт қайраткерлері, сондай-ақ билік өкілдері қатысады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары