Жел, жаңбыр, тұман: 17 наурызда ауа райы қандай болады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Еліміздің басым бөлігін тұман басады.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 17 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Астанада құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, тұман түседі. Жел 9-14 м/с, екпіні 20 м/с. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +5…+7°C.

Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз, 2-8 м/с жел соғады. Алматыда түнде +2...+4°C, күндіз +15...+17°C. Шымкентте түнде +4...+6°C, күндіз +20...+22°C.

Ақтауда күн ашық, шаңды дауыл соғады. Жел 9-14 м/с, екпіні 20 м/с. Түнгі температура +9...+11°C, күндізгі температура +19...+21°C.

Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Жезқазған, Қонаев, Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -4°C-тан +5°C-қа дейін, күндізгі температура +4°C-тан +20°C-қа дейін.

Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Павлодар қалаларында жауын-шашын, қар, кей жерлерде көктайғақ, тұман түседі. Жел 9-20 м/с, екпіні 28 м/с. Ауа температурасы түнде -4...+2°C, күндіз +3...+8°C.

Қызылорда, Тараз, Түркістан, Орал қалаларында негізінен жауын-шашынсыз. Оралда жаңбыр жауып, тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +3...+6°C, күндіз +14...+24°C.

Өскемен мен Семейде күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнгі температура -12...-7°C, күндізгі температура +3...+7°C.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары