Тікелей эфир

Жазда балалардың электр тоғымен зақымдануы жиілейді. Одан қалай сақтану керек?

"Алатау жарық компаниясы" АҚ балалардың қауіпсіздігі үшін қандай сақтық шараларын ұстану керектігін түсіндірді.

Компания мәліметінше, тұрғын аудандар, мектептер, балабақшалар аумақтарында балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін трансформаторлық қосалқы стансалар немесе бөлу пункттері бар. Олардың есігі арнайы құлыппен жабылғанына қарамастан, оларды көбінесе түрлі-түсті сынықтарды ұрлау мақсатында немесе бұзақылық ниетпен бөтен адамдар бұзу жағдайлары болады. Халықтың көмегінсіз қызмет көрсететін персоналдың бұзылғандарды дер кезінде анықтауы өте қиын.

"Балалардың электр жарақатын болдырмау үшін электр қондырғыларының сынған құлпы, ашық есіктері және үзілген сымдар туралы электр тораптардың диспетчерлік пункттеріне дер кезінде хабарлауды сұраймыз, олардың байланыс нөмірлері электр қондырғылардың есіктерінде көрсетілген. Электр қондырғылардың аумағында ойнаған балаларды байқаған жағдайда, оларды қауіпті аймақтан шығару бойынша шұғыл шараларды қабылдау қажет", – делінген компания ұсынған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Қауіпсіздіктің қарапайым ережелері. Біз күнделікті неге мән бермейміз?


Балаларға келесі әрекеттерге қатаң тыйым салынатынын түсіндіру қажет:

  • электр қондырғыларға ену, электр шкафтарының, жинақтардың, қалқандардың есігін ашу;
  • электр беру желілерінің астында ойнау, ойнау үшін кернеуде түрған электр қондырғылар мен жабдықтарға жақын орынды пайдалану;
  • электр берудің әуе желілерінің тіректеріне шығу, тіректердегі оқшаулағыштарды бұзу;
  • 8-10 метрден жақын қашықтықтағы жердегі үзілген, салбырап түрған немесе жатқан сымға жақындау;
  • сымдарға ағаштар, баспалдақтар, үйлердің шатырлары және құрылыстар арқылы 1,5 метрден аз қашықтыққа жақындау;
  • электр жеткізудің әуе желілерінің сымдарына бөгде заттарды лақтыру, олардың жанында шарларды ұшыру;
  • электр жеткізудің әуе желілері тіректерінің астында от жағу (құрғақ шөп, жапырақтар, қамыс жағу);
  • ересектердің рұқсатынсыз электр құралдарын пайдалануға, электр құралдарын бөлшектеу;
  • электр құралдарының сымдарын дымқыл қолмен ұстауға, сымнан тартуға, розеткаға бөгде заттарды салу.
Серіктестер жаңалықтары