Тікелей эфир

Жастарға арналған 2,5 пайыздық несие: Бағдарлама неге бес өңірде іске қосылмады?

2023 жылы 5,8 мың жеңілдетілген несие беру көзделген.

1 наурызда 15 өңірде жастарға 2,5 пайызбен шағын несие беру бойынша құжат қабылдау  басталды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми өкілі Сәкен Ділдахмет "Атамекен" бизнес арнасындағы "Басты тақырыпта" кейбір өңірлерде бағдарлама неге кеш іске қосылатынын түсіндірді. 

"Қазақстанның 20 аймағына 5800 несие бөлінеді және ол әр өңірдің сұранысына қарай анықталады. Кейбір аймақта сұраныс көп, кейбір аймақта сұраныс аз болуы мүмкін. 1 наурыздан бері 15 өңірде құжаттарды қабылдау басталды. Әкімдіктердің бастамасымен наурыз айының аяғына дейін төрт өңірде, сәуір айының басында ең соңғы жиырмасыншы өңірде бағдарлама іске қосылады. Себебі, бір жерде көктем ерте келеді, бір жерде қыс кеш шығады. Адамдар құжат тапсырғанымен, дәл қазір бизнес бастап кетуі мүмкін емес. Сондықтан өңірлерде құжат қабылдау уақыт ерекшелігіне қарай басталып жатыр", – деді Сәкен Ділдахмет. 


Читайте также: Жастарға арналған 2,5%-дық кредит. Кімдер, қашан және қалай алады?


Құжаттарды қағаз түрінде Аграрлық несие корпорациясының өңірлердегі филиалдарына барып тапсыру керек.

Бағдарламаның негізгі талаптары:

  • 21-35 жас аралығында болу;
  • Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу, тіркелмегендер қазір тіркеле алады;
  • Кепілдік (жылжитын не жылжымайтын мүлік);
  • 5 жылғы дейін 5 млн теңге алуға болады.

Құжаттардың толық тізбесі agrocredit.kz сайтынан табуға болады.

Серіктестер жаңалықтары