Тікелей эфир

Жастарға 2,5 пайыздық шағын несие беруге құжат қабылдау басталды

2023 жылы 5 796 шағын несие беріледі.

1 наурыздан бастап кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жастарға берілетін жылдық 2,5% жеңілдікті микрокредиттер беру үшін құжаттарды қабылдау басталды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Микрокредиттер 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз ісін ашу немесе кеңейту үшін, 5 жылдан аспайтын мерзіммен жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі. Бұл ретте қатысушылардың жасы "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ-ға өтініммен жүгінген кезде ескеріледі.

Микрокредиттің мөлшері 5 млн теңгеге дейін, ал қатысудың ең ұзақ мерзімі – 5 жылдан (кез-келген мақсатқа), 7 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін) болуы мүмкін.

Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-дан аспайды.

Микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі, ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.

Кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт болып табылады. Ол ретінде жылжымалы (мамандандырылған техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепілмен қамтамасыз ету болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және тағы басқа) тартуға болады.


Оқи отырыңыз: Жастарға арналған 2,5%-дық кредит. Кімдер, қашан және қалай алады?


Өтінім беру үшін құжаттар пакетін "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ филиалына тапсыру қажет.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • жоба бойынша бизнес-жоспар;
  • шоттың болуы туралы қызмет көрсететін банктен анықтама;
  • кредиттік берешектің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтама (кредиттер болған кезде);
  • қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де табыстарын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме) болған кезде;
  • кепілді қамтамасыз ету ретінде берілетін мүлікті бағалау туралы есеп;
  • кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.

Оқи отырыңыз: Жастарға арналған 2,5 пайыздық кредит: Негізгі шарттары белгілі болды


Микрокредиттер төменде көрсетілген тізімдегілерді қоспағанда:

  • тұрғын жылжымайтын мүлікті (оның ішінде малшылар үшін уақытша/тұрақты тұрғын үйлерді) сатып алу, салу немесе жөндеу, жер учаскелерін сатып алу (кез келген нысаналы мақсатпен);
  • бағалы қағаздарды сатып алу (портфельдік инвестициялар);
  • қаруды (оның ішінде қару өндіруге арналған құрамдас бөліктерді), құрамында есірткі бар заттарды немесе азаматтық айналымнан алынған басқа да мүлікті өндіру немесе сатып алу;
  • ойын бизнесін ұйымдастыру және (немесе) дамыту;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған террористік және кез келген өзге де қызметке байланысты қызмет;
  • моторлы көлік құралдарын шығаруды және өз өндірісіндегі жүзімнен шарап өндіруді, сондай-ақ темекі және/немесе алкоголь өнімдерін сатып алуды көздейтін жобалар, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығару;
  • кредиторлық берешекті өтеу;
  • бизнесті жүргізуге байланысты емес жеке тұтынушылық мақсаттардан басқа кез келген мақсатқа беріледі.

Оқи отырыңыз: 2023 жылы жастарға қандай жеңілдіктер жасалады?


Микрокредиттер арнайы комиссияның шешімі негізінде беріледі, оның отырыстарында үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын таныстырады.

Осылайша, микрокредит беру туралы шешім комиссиялық және нақты іс-қимыл жоспарымен өзекті, дәлелді, экономикалық негізделген, қоғамдық маңызы бар, өміршең болуы тиіс жобаның пысықталуын бағалаудың нақты критерийлері негізінде қабылданады.

Қазіргі уақытта микрокредиттер алуға өтінімдер мынадай өңірлерде: Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Абай, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстарында және Астана қаласында қабылданады. Қалған өңірлерде өтінімдерді қабылдау жақын арада басталады.

Серіктестер жаңалықтары