Тікелей эфир

Жасөспірімдер қандай мамандықтарды жиі таңдайды?

PISA зерттеуі бойынша, медицина мен педагогикаға қызығатындар көш бастап тұр.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде PISA зерттеуіне сүйене отырып, қазақстандық жасөспірімдердің қандай мамандықтарға қызығушылығы артқаны туралы жазды.

Зерттеудің барлық үш циклінде мансаптық таңдаудың алдыңғы қатарында дәрігер мамандығы тұр. Мысалы, жалпы тәжірибелік дәрігер 2022, 2015, және 2018 жылғы зерттеулерде ең жиі таңдалған.

Сондай-ақ, зерттеу жасөспірімдердің педагог мамандығына қызығушылықтары айтарлықтай артқанын да көрсеткен.


Оқи отырыңыз: Аймағамбетов: Білім басқармалары мектептерге еркіндік бергісі келмейді


"Менің ойымша, бұл - біздің мұғалім мәртебесін көтеруге бағытталған жұмысымыздың нәтижесі. Зерттеудің үш циклі ішінде осы мамандыққа қызығушылық танытқан оқушылардвң үлесі екі есеге немесе 5%-ға өсті. Атап айтқанда, осы мамандықты таңдау бойынша PISA 2015 зерттеуінде 7-орын болса, ал PISA-2022-де 2-орынға дейін көтерілді. 2022 жылы оқушылардың 9%-ы "Жалпы білім беретін мектептегі мұғалім" мамандығын болашақ мамандығы ретінде таңдады", – деп жазды Асхат Аймағамбетов.

PISA-2022 зерттеуінің қорытындысы бойынша таңдаулы мамандықтардың алғашқы ондығына АКТ мамандықтары кіреді деп күтіліп отыр.

Жиі таңдалатын мамандықтардың ондығына жаңа мамандықтар енген. Олар – "Стоматологтар", "Тауарлар мен киім дизайнерлері", "Ғимараттар мен құрылыстардың сәулетшілері", "Спорт жаттықтырушылары, нұсқаушылары және спорт саласындағы мамандар", "Психологтар", "Косметологтар және олармен байланысты мамандар", "Жарнама және маркетинг саласындағы мамандар", "Графикалық және мультимедиялық дизайнерлер".

Серіктестер жаңалықтары