Жасанды интеллект және көзге күтім. Cәуірде қандай смартфондарды сатып алуға болады

Magiс 7 Pro. Фото: Nazarmedia.kz
Magiс 7 Pro. Фото: Nazarmedia.kz
Биылғы жаңа смартфондарда жасанды интеллект мүмкіндіктеріне басымдық берілген.

Техно Арена Youtube арнасы 2025 жылғы сәуірде шығатын смартфондарға шолу жасады. Олардың екеуін қазірдің өзінде Қазақстанда сатып алуға болады. Олар – Honor ұсынған Magiс 7 Pro мен Xiaomi ұсынған Redmi A5. 

Magic 7 Pro компанияның бұған дейінгі модельдерінен жасанды интеллект негізінде жақсартылған камерасымен, фото түсірудің жаңа режимдерімен және AI функцияларымен ерекшеленеді. Eye comfort технологиясы күндіз және түнгі уақытта смартфон жарығын адам көзіне бейімдеп, оның шамадан тыс шаршауын болдырмайды, көздің бұлшықетіне түсетін күшті азайтады. 

Сондай-ақ, кибералаяқтардан қорғау бағытында да ілгерілеу бар: 3D адамның бет-әлпетін тану және ультрадыбыстық саусақ ізі сканері смартфонды иесінің әрі жылдам, әрі қауіпсіз ашуына мүмкіндік береді. 

Ал ең бастысы, смартфон жасанды зерде арқылы "ақылдырақ" бола түсті. АІ функциялары суреттерді жақсарту, мәлімет іздеу, қатені түзету сынды көптеген қызметті өзі атқарып, нәтижесін смартфон иесіне ұсына алады. 

Бұл смартфон туралы шолуды осы жерден оқуға болады. 


Оқи отырыңыз: 2025 жылы қазақстандықтар қандай жаңа смартфондардың иесі атана алады. Информбюро шолуы


Ал Redmi A5 камераларын күшейтуге және дизайнын өзгертіп, экран өлшемін арттыруға мән бергенін байқаймыз. 

Redmi A5

Тағы бір ерекшелігі – смартфонның сенсор экраны ылғал қолмен ұстаған кезде де тиісті командаларды орындай алады. Бұл технология wet touch аталады. Сонымен қатар, смартфонмен ұзақ жұмыс істеген кезде көзді қорғау жүйесі TÜV Rheinland сертификатына ие. Ол көзге түсетін қысымды бәсеңдетіп, экранмен ұзақ уақыт жұмыс істеуді жеңілдетеді. 

Жасанды интеллектке негізделген қуатты 32 Мп екі камераның және жарықты бұрынғыға қарағанда 18 пайыз артық қабылдай алатын ұлғайтылған сенсордың арқасында түнде түсірілген фотосуреттер әлдеқайда анық шығатын болған. Ал смартфонның алдыңғы 8 Мп камерасын жаңарту сапалы selfie суреттер түсіруге мүмкіндік береді. 

Сондай-ақ, аккумулятор сыйымдылығы да 5200 мАс-қа дейін артқан, ол 20 сағат бойы видео көруге жеткілікті.  

Аталған ұялы телефондардан өзге, биылғы сәуірде нарыққа шығатын жаңа смартфондар қатарында Google Pixel 9A, Oppo F29 Pro, ZTE Nubia Focus 2 Ultra, Nothing Phnoe (3a) Pro және ZTE Nubia NEO 3GT аталады. Алайда, олардың нақты датасы және Қазақстан нарығына қашан келетіні белгісіз. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары