Полиция қызметкерлері хатты жазған адамды анықтады.
Полицияға 39 жастағы азаматша арызбен шағымданған. Ол белгісіз біреу өзінің 14 жастағы ұлына 350 мың теңге ақша аударуы керектігі туралы хат жолдағанын, ақша бермеген жағдайда ұлының атынан мектепте жарылғыш зат орнатылды деп хабарлама беретінін айтқан. Бұл туралы polisia.kz жазды.
"Полиция қызметкерлері хатты жазған адам анықталды. Оның арызданушының ұлының 15 жастағы сыныптасы екені анықталды. Мектеп оқушысы бұл хатты ойнап жазғанын айтты", – деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта мектеп оқушысын есепке қойу, ал ата-анасын жауапкершілікке тарту сұрақтары қарастырылуда.
Оқи отырыңыз: Бас прокуратура жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапқа тартылатынын еске салды