Тікелей эфир

"Жақсы жанжалдан жаман татулық артық". Тоқаев Украина мен Ресей шиеленісі туралы

Қазақстан президенті Украина мен Ресейді келіссөз үстелінде ортақ тіл табуға, келісімге келуге шақырды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде Украина мен Ресей арасындағы әскери шиеленіске қатысты ойын айтты.

"Біздің ұстанымымыз мемлекетіміздің қауіпсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етудің маңызды қажеттілігіне негізделуі керек. 2010 жылы ЕҚЫҰ саммитін өткізген ел ретінде біз Еуразиялық қауіпсіздіктің бөлінбейтіндігі туралы қағидатты ұстанамыз. Мен бұл туралы 10 ақпанда Мәскеуге жасаған сапарымда айттым. Бөлінбеу және қауіпсіздіктің ортақтығы қағидасы өзара сенімге негізделген өзара түсіністікті қажет етеді. Өкінішке қарай, олай болмады. Минск келісімдері қағаз жүзінде қалып, Украина аумағында соғыс қимылдарына әкелді. Геосаяси жағдай бұрын-соңды болмаған жағдайда ушығып кетті. Ал енді бұл тенденцияның қайтымсыздығы туралы айтатын кез келді, бұл өте өкінішті", – деді мемлекет басшысы.


Оқи отырыңыз: Украинадағы қазақ диаспорасының жетекшісі: Ресей басып кіреді деп күтпедік, дайын болмадық


Тоқаев Украина мен Ресейді келіссөз үстелінде ортақ тіл табуға, келісімге келуге шақырды.

"Басқа амал жоқ. Жақсы жанжалдан жаман татулық артық. Бейбітшіліксіз даму болмайды. Қазақстандықтар өз тарапынан көмектің барлық түрін, соның ішінде қажет болған жағдайда делдалдық қызметтерді көрсетуге дайын", – деді Қазақстан президенті.

Серіктестер жаңалықтары