Халықаралық гроссмейстер және Алматы шахмат федерациясының президенті Жансая Әбдімәлік Германияда өткен әйелдер Бундеслигасында өзі өнер көрсеткен OSG Badаen-Baden командасы жеңімпаз болғанын хабарлады.
"Мен Бундеслигада атынан қатысқан OSG Baden-Baden командасы мерзімінен бұрын жеңіске жетті. 9-турда біз басты қарсылас - SK Schwäbisch Hall командасына қарсы ойнадық. Бұл – шешуші ойын болды! Біз 2 ½: 3 ½ есебімен жеңдік", – деп жазды Жансая Әбдімәлік Instagram желісінде.
OSG Baden-Baden командасы соңғы рет 2018 жылы лига чемпионы болса, барлығы 12 рет Бундеслига жеңімпазы атанған.
Серіктестер
жаңалықтары
Мәтіндегі орфографиялық қате
Біздің жобалар
"Инфополис" ЖШС, 2015 – 2025. Құқықтардың бәрі қорғалған.