Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен британдық боксшы Дэнни Дигнум (14-0-1, 18 КО) арасындағы жекпе-жек 21 мамыр күні өтеді, деп хабарлады Sports.kz.
"Жекпе-жек 21 мамыр күні Лас-Вегаста өтеді. Жәнібек Әлімханұлы мен Дэнни Дигнум арасындағы алдағы жекпе-жек WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы "уақытша" титулы үшін өтеді", делінген хабарламада.
WBO Әлімханұлын Деметриус Андраде иеленген орта салмақтағы толық WBO титулына міндетті қарсылас етіп тағайындаған болатын. Бірақ, америкалық Деметриус Андраде оны қорғағысы келмей, WBO-ның бұл категориядағы "уақытша" чемпион атағы үшін Зак Паркермен жұдырықтасу үшін екінші салмаққа көтерілді.
Оқи отырыңыз: Жәнібек Әлімханұлы: "Бокс маған кәсіп емес, ол – менің өмірім"