Тікелей эфир

Жандарбек Бекшин: 14 жасқа дейінгі балалардың 13%-ы инфекция жұқтыруға бейім

Өткен тәулікте Алматы қаласында 638 адам коронавирус жұқтырды. Бұл – биылғы жаздағы ең жоғары көрсеткіш.

Қаланың Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мұны "дельта" штамының таралуымен байланыстырды. Ол "Дельта" шатамының жылдам жұғатынын әрі қаупі жоғары екенін айтады.

"Қазіргі таңда қалада таралған штамдардың 78-80%-ын "Дельта, 16%-ын "Альфа" және 3%-ын Сovid-19 ("Ухань") құрайды. Өткен жеті күн ішінде ауру белгілері бар науқастардың үлесі 2 есе, яғни 53%-дан 88%-ға өсті. Бұл ауыр "дельта" нұсқасының тарауымен байланысты болып отыр", – деді Бас санитарлық дәрігер.

Мұнымен қатар, Жандарбек Бекшин Алматыдағы эпидемиологиялық ахуалға жүргізілген мониторинг қорытындылары туралы баяндады. Талдау нәтижесінде соңғы екі апта вирусты негізінен балалар мен жастардың жұқтырғаны анықталған.


Оқи отырыңыз: Алматыда коронавирус жұқтыру деңгейі 2,1 есе артты. Almaty Arena мен әскери госпитальде қосымша орындар дайындалады


"14 жасқа дейінгі балалардың 13% инфекция жұқтыруға бейім. 20 жастан 40 жасқа дейінгі азаматтар арасында коронавирустың таралуы 3,4% ұлғайып, осы жылы ең жоғары деңгейге жетті (39%). Бұл жағдай бізді алаңдатып отыр. Сондай-ақ, 40 пен 59 жас аралығында 25% деңгейінде. Яғни, әрбір төртінші адам вирус жұқтырған", – деді Жандарбек Бекшин. 

Ал 60 жастан асқан адамдар арасында жұқтыру үлесі 1,6% төмендеген. Бас санитар мұны екпе салдырумен байланыстырды. Алматының бас санитарлық дәрігері коронавирустың жаңа штамының тез таралатынын әрі қала тұрғындарының денсаулығы үшін қауіпті екенін ескертті. Сондай-ақ, маска режимін сақтау әрі оны жиі ауыстыру қажет екенін еске салды.

Серіктестер жаңалықтары