Тікелей эфир

Жаңбыр, қар, көктайғақ: Қазақстанда 19-21 қазанда ауа райы қандай болады

Республиканың шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанда 19, 20 және 21 қазанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.

Атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады. Тек республиканың шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

"Республика бойынша тұман, жел күшейеді, солтүстік өңірлерде - көктайғақ, оңтүстікте - найзағай күтіледі. Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы күндіз 5-13 жылыға дейін, шығыста, орталықта 8-18 жылыға дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 15-22 жылыға дейін біртіндеп төмендейді деп күтіледі", – делінген хабарламада.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары