"Қазгидромет" РМК синоптиктері ел аумағында 10 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
Қазақстанның көп бөлігінде циклон мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жауын-шашын, оңтүстікте, шығыста, елдің орталығында жаңбыр түрінде, кейде қатты жаңбыр, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жауады, солтүстікте, солтүстік-батыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі.
Елдің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. ҚР бойынша желдің күшеюі күтіледі, батыста, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады.
"Павлодар облысында, батысында, солтүстігінде, Абай облысының орталығында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Қарағанды облысының шығыс жартысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, Қостанай облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады", – делінген хабарламада.
Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Түркістан облысының оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Абай облысының Үржар ауданында, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.