Жаңаөзендегі газ жарылысынан авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Сағат 11.45-тегі жағдай бойынша, үйінділердің астынан 4 адам құтқарылды, 4 адамның денесі шығарылды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Құтқарылғандарды және медициналық көмекке жүгінгендерді қосқанда барлығы 6 адам ауруханаға жатқызылды.
Үйінділерді талдау бойынша жедел жұмыстарға 40-қа жуық техника мен 350-ге жуық адам жұмылдырылды. Оның ішінде құтқарушылар, кинологиялық есептоп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек, полиция, еріктілер бар.
Оқи отырыңыз: Жаңаөзендегі газ жарылысы: Үйсіз қалғандарға Қазмұнайгаз жаңа пәтер сатып әпереді
Еске салайық, 17 сәуір күні сағат 05:04-те Жаңаөзен қаласында 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйдегі пәтерде жарылыс болды. Болжам бойынша газ қоспасы жарылып, 150 шаршы метр аумақта кіреберіс құлаған.