Тікелей эфир

Жаңаөзенде басталған бейбіт митинг Алматыда қалайша бүлікке айналып кетті?

Ерлан Қариннің айтуынша, Ақтауда алаңға басқа бір өңірлердегідей 2-3 мың адам емес, 15 мың адам жиналған.

Маңғыстауда басталған бейбіт жиындар, протестік акциялар қалай басталды, солай аяқталды, яғни бейбіт түрде. Ешқандай қақтығыстарға ұласпады. Себебі, сол жиынға қатысушылардың өздері ең алдымен сондай тәртіпсіздікке жол бермеді, деді мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасына берген сұхбатында.

"Жол берілмегеннен кейін, әрине, құқық қорғау органдарымен қандай да бір қақтығыстар орын алмады. Яғни, мемлекеттік билік органдарының ғимараттары немесе полиция, басқа да күштік құрылымдардың ғимараттарына қарулы шабуыл жасалып немесе бейбіт адамдардың өміріне қауіп төндірілген жағдайда бұл өңірдегі оқиғалар қалай өрбитінін елестету қиын",– деді мемлекеттік хатшы.

Сондай-ақ, Ерлан Қарин Маңғыстау облысындағы бейбіт жиынның бейбіт тарқауы оған қатысқан азаматтар мен қоғам белсенділерінің саналы іс-әрекеттері және жергілікті биліктің олармен конструктивті диалог орната алуына байланысты болғанын айтты.

"Ал басқа өңірлердегі осындай жиындар о бастан белгілі бір деструктивті күштердің ықпалымен арандатушылық сипатта ұйымдастырылып, бірден жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты да, белгілі бір террористік топтар пайдаланып, елде жаппай тұрақсыздық жағдайын орнатуға әрекет жасады. Міне, сондықтан, осы оқиғалардың ара-жігін айыра білу керек",– деді Ерлан Қарин.


Оқи отырыңыз: Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысқан 2402 адам ұсталды


Сонымен қатар, мемлекеттік хатшы "бейбіт жиын қатысушыларына қару қолданылды" деген сөздерге жауап берді.

"Кейбір ақпарат құралдарында, әсіресе, шетелдік ақпарат құралдарында немесе өз арамыздағы кейбір сарапшылар "бейбіт жиын қатысушыларына қару қолданылды" деген сияқты қауесет әңгемелерді таратуға әрекет жасап отырғанын көріп жатырмыз. Бірақ, Маңғыстаудағы бейбіт жиын қалай бейбіт басталса, солай [...] бейбіт формада аяқталды. Егер де бейбіт жиынға қатысушылар тарапынан қандай да бір тәртіпсіздікке жол берілмесе, әрине қандай да бір қақтығысқа да себеп туындамас еді",– деді ол.

Ерлан Қариннің айтуынша, Ақтауда алаңға басқа өңірлердегідей 2-3 мың адам емес, 15 мың адам жиналған.

"Осы оқиғалардың өзінен-ақ көруге болады: таза бейбіт жиын бір бөлек формада өтті. Ал арандатушылардың араласуының себебінен жаппай тәртіпсіздікке ұласып, оны ең соңында қарулы топтар мен қылмыстық топтар және түптің-түбінде террористік топтар пайдаланғанда нәтижесі қандай болғанын көріп отырмыз",– деді Ерлан Қарин.

Серіктестер жаңалықтары