
Актер Шәріп Серік әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға қатысты мәлімдеме жасады.
Ол сүйіктісін ұрғанын мойындап, кешірім сұрады.
"Мен өзімді ақтағым келмейді. Мен қателік жасадым және заң алдында жауап беруге дайынмын. Ұрыс кезіндегі ыза мен ашу сезімі барлығыңызға таныс болар. Бірақ менің қателігімді қайталамаңыздар және қол көтермеңіздер. Мен Әлияны ұрдым, ол үшін мен одан, оның отбасынан және менің теріс қылығымнан зардап шеккендердің бәрінен кешірім сұраймын", – деді актер.
Еске салайық, осыған дейін Серік Шәріптің бұрынғы сүйіктісі Әлия Бутеева актердың өзін соққыға жыққаны туралы айтқан болатын. Актер желідегі видеодан кейін түсіру алаңынан шеттетілді. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.