Жамбыл облысында мүйізді ірі қараның саны артып келеді

Қордай ауданында "Қақпатас-Қордай" ЖШС шаруашылығы 600-ден аса мал бағып отыр.

Серіктестікті Әлімбай Қошалиев басқарады. Әке жолын жалғастырып, ата кәсіптің жүгін арқалап жүрген Әлімбай Дүйсеханұлы "адам баласы елге қызмет етуі тиіс" деген қағиданы ұстанады.

Бүгінгі күні серіктестікте 600-ден аса "Швиц", "Алатау" тұқымды етті-сүт бағытындағы мүйізді ірі қара бағылуда. Серіктестік директорының айтуынша, жаңа сауылған сүтті арнайы тоңазытқыш орнатылған жүк көлігімен Алматы қаласындағы сүт өнімдерін шығаратын "Райымбек Агро" зауытына жіберіп отырады.

"Қыс айларында мал қоңын түсірмей жемдейміз. Малды төлден көбейтіп отырмыз. Негізгі шаруашылықты сүт бағытына бағыттап қойдық. Өздеріңізге белгілі, көктем шыға жұмыс қызып сала береді. Жыл он екі ай күтімде болған мал жақсы төл, мол сүт береді", – дейді серіктестік басшысы.

Мал шаруашылығымен қатар серіктестік диқаншылықты да кәсіп еткен. Қазіргі таңда серіктестік мал азығын дайындау жұмыстарына аяқтап үлгерді. Биыл 2000 гектар алқапқа орналастырылған арпа-бидай мен жоңышқалығын жиналыпты. Серіктестік бірқатар техникасын "ҚазАгроҚаржы" компаниясы арқылы тиімді шарттармен жаңартып, Үкіметтен бөлінген арзандатылған дизель отынын мақсатты пайдаланған.

Серіктестер жаңалықтары