"Яндекс Карты" бағыттаушы қолданбасында топоним, ұйым атаулары ғана емес, интерфейс және маршрутпен жүруге көмектесетін дауыстық кеңестер аударылды. Дәл қазір оны елде 2,3 миллионнан астам адам пайдаланады, бұл бір жылға көрсеткіштен екі есе көп.
Қазіргі уақытта Яндекс Карты қолданбасының жаңартулары iOS пен Android операциялық жүйелерінде қолжетімді. Мемлекеттік тілдің қосылуы, елдегі қазақ тілін білетін және оны күнделікті өмірде қолданатын тұрғындар үшін бұл қызметті бұрынғыдан да ыңғайлы етеді. Мысалы, мейрамханалар мен саябақтарға бағыт алған кезде басқа қолданушылардың пікірі мен қоғамдық көліктердің кестесін және т.б. зерттейді.
"Қазақстан халқына барынша ыңғайлы бағыттаушы қолданба ұсынуды мақсат тұтып отырмыз. Қолданба орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де қолжетімді болғандықтан, біз осы мақсатымызға жақындай түстік. Дауыспен кеңес беру қызметінің қосылуын ерекше атап өткім келеді. Өйткені оны Қазақстандағы Яндекс Карты қолданушыларының 90 пайызы пайдаланады", – деді Яндекс Карты өнімінің халықаралық басшысы Евгений Шильников.
Мұнымен қатар Қазақстандағы Яндекс Такси басшысы Тайыр Байдүйсен қолданбада қандай өзгерістер барына тоқталды.
"Технологиялардың арқасында такси саласында жаңа стандарттарға қол жеткізіп отырмыз. Қазір қазақстандықтар таксидің жылдам келетініне үйреніп қалды. Такси шақырған уақыттан бастап шамамен 5 минут ішінде келеді", – деді Тайыр Байдүйсен.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның Google, Яндекс карталарында қанша мешіт пен намазхана бар?
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар басқармасының басшысы Әбдіғали Майгүл Қазақстанда картографиялық қызмет түрін дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатқанына тоқталды.
"Яндекс Карты өз өнімін жергілікті пайдаланушылардың сұранысына қарай бейімдеді. Біз өз тарапымыздан Яндекс компаниясымен, атқарушы органдармен, сондай-ақ Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып географиялық және құрылыс нысандарының атауларын дұрыс көрсету бойынша ауқымды жұмыс жүргіздік. Біз еліміздегі азаматтардың өмірін бұдан да жайлы ету үшін осы бағыттағы ұйымдар және қызметтермен өзара әрекеттестігімізді әрі қарай жалғастыруға дайынбыз", – деп атап өтті Майгүл Әбдіғали.
Қолданбаның тілін iOS-та телефон баптауында, ал дауыстық кеңестің тілін – Карталар қосымшасының баптауында: "дауыстар мен ескертулер" – "аннотация тілі" – "қазақша" бөлімінде ауыстыруға болады.
Оқи отырыңыз: Электромобиль такси жобасы Алматы ауасын 5 пайыз тазартады деп болжанып отыр
Android-та барлығы қолданбаның ішінде ауыстырылады. Интерфейс тілін ауыстыру үшін, "баптаулар" – "карта және интерфейс" – "тіл" – "қазақша" басу керек. Ал қазақша кеңестерді қосу үшін – "баптаулар" – "дауыстар және ескертпелер" – "аннотация тілі" – "қазақша".