Тікелей эфир

Хижра бойынша жаңа жыл басталды. Мұхаррам айында ораза ұстау міндет пе?

19 шілде – мұхаррам айының және жаңа жылдың бірінші күні.

Хижра күнтізбесі бойынша зұлхижжа айы аяқталып, мұхаррам айы басталды. Бұл айдың ерекшелігі – Хижра күнтізбесі бойынша жылдың алғашқы айы болып келеді. Сәйкесінше, бүгін – хижра бойынша 1445 жылдың бірінші күні.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мұхаррам айында ораза ұстау туралы түсініктеме берді. Бұл айда ораза ұстау міндет емес.

Дегенмен, мұхаррам айының оныншы, яғни Ашура күні ерікті түрде ораза ұстауға болады. Ислам дінінде бұл күн – Мұса пайғамбардың адамдарды перғауындардың озбырлығынан құтқарған күн болып саналады.

Сондай-ақ, Рамазан айында ораза ұстау әлі міндеттелмеген уақытта бұл күні адамдар ораза ұстаған. Кейін ораза ұстау адамдардың өз еркіне қалдырылған.


Оқи отырыңыз: Ораза жайлы мифтер. Не шындық, не жалған?


 

Серіктестер жаңалықтары