Тікелей эфир

Вайнер Әзімжан Саидбаевқа іздеу жарияланды

Ол "Қаржылық инвестициялық пирамида құрды және оған басшылық етті" деген күдікке ілінді.

Вайнер Әзімжан Саидбаевқа іздеу жарияланды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов.

"ҚР ҚК-нің 217-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы "Қаржылық инвестициялық пирамиданы құру және оған басшылық ету" бойынша қылмыс жасады деген күдікпен 1986 жылы туған Қырғызстан Республикасының тумасы Саидбаев Әзімжан Алымжанұлын іздестірудеміз. Бұлтартпау шарасы: күзетпен ұстау", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, 10 ақпанда Алматының тергеу соты белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев және Мейірхан Шерниязовқа, сондай-ақ, Әзімжан Саидбаевқа бұлтартпау шарасын санкциялады. Төребаев пен Шерниязов 1 000 АЕК (3 063 000 теңге) кепілмен босатылды. Полиция әлі таба алмаған Саидбаев сырттай екі ай мерзімге қамауға алынды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары