
Қан тапсыруға ниет білдіргендер саны 300-ден асқан.
Ақтау қаласының маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін Маңғыстау облысының тұрғындары зардап шеккендерге көмек көрсетуге және қан доноры болуға келді, деп хабарлады Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Бүгін 300-ден астам адам өңірдегі орталықтарға қан тапсыруға ниет білдірген, 115 тұрғын қан тапсырған.
Ертең Қан орталығы барлық донорларды қабылдау жұмысын жалғастырады. Шұғыл көмек көрсету үшін донорлық қан қоры жеткілікті мөлшерде бар екені белгілі болды.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы қиын сәтте көмектескен барлық азаматқа алғысын білдіреді.
Оқи отырыңыз:
- Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Тоқаев премьер-министрге тапсырма берді
- Ақтау маңындағы ұшақ апаты: 11 адамның жағдайы ауыр