ҰҚК: Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

Фото: ҰҚК
Фото: ҰҚК
Қару-жарақтардың төртеуі қаңтар оқиғалары кезінде ұрланғаны анықталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылдың басынан бері заңсыз айналымнан қанша қару мен оқ-дәрі тәркіленгенін хабарлады.

2025 жылдың басынан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп қаруды іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

"Нәтижесінде 8 "Калашников" автоматы, 25 тапанша, 23 мылтық, 17 граната, әртүрлі калибрдегі 1521 оқ-дәрі табылды және тәркіленді. Көрсетілген қару-жарақтардың төртеуі қаңтар оқиғалары кезінде ұрланғаны анықталды", – делінген хабарламада.

Осы деректері бойынша тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары