Ашық диалог порталында және әлеуметтік желіде алматылық студенттер тарапынан қысқы сессияның неге онлайн форматта өтетіні туралы сұрақтар қойылды. Студенттер мұның жылдағы дәстүрге айналғанын жазған. Алайда жазғы сессияның бәрі университет қабырғасында, яғни офлайн форматта өтеді. Неге бұлай?
Информбюро тілшісі бұл сұрақты ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке қойды.
"Қазір сессия онлайн да, офлайн да студенттің өз қалауымен өтеді. Студент өзі таңдай алады. Мұны жоғары оқу орындары өзі шешеді", – деп жауап берді министр.
Портал тілшісінің нақтылау мақсатында қосымша сұрақтарды Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне жолдады.
– Неге қысқы сессия жылда онлайн өтеді де, жазғы сессия офлайн өтеді? Осы тенденцияны министрлік бақылады ма?
– Аралас өтеді. Онлайн және офлайн. ЖОО академиялық еркіндік бойынша өздері шешеді.
– Жазғы сессия да ма?
– Солай дейді. Қыста көбіне тұмау және тағы басқа болады.
Оқи отырыңыз: Студенттер шәкіртақысы 2030 жылға дейін 4 есе артады
Сондай-ақ, министрліктің баспасөз қызметі оқу орындарының академиялық күнтізбелік жоспарына өзгеріс енгізілмегенін еске салды. Емтихандар бұрын бекітілген кесте бойынша жүріп жатыр.
Студенттер құқығы бұзылған жағдайда, соның ішінде жатақханадан негізсіз шығарылғанда студенттік омбудсменге жүгіне алады.