Тікелей эфир

Ұлына 1,5 млн теңге қарыз: алименттен жалтарған әкеге қатысты тергеу жүргізілді

Шымкентте алименттен жалтарған әкеге қатысты тергеу жүргізілді.

Жергілікті тұрғын өзінің кәмелет жасқа толмаған баласын асырап бағу үшін ай сайынғы табысының немесе өзге кірісінің бөлігін төлеуге тиісті бола тұра, 2 жылға жуық жалтарып жүрген. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекеттік орган қызметінің басым бағыттарының бірі, ал балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың міндеті.

"Борышкердің берешегі 1,5 млн теңгеден асып кеткен. Міндетін орындамаған ер адамға қатысты тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, жинақталған материалдар сотқа жолданды", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: "Баласына 15 мың теңгесін қимайды". Алимент өндіру үшін не білу керек?


Осы ретте, полицейлер азаматтарға өз балаларыңыздың болашағы үшін алимент төлеуден жалтармай, заң аясында белгіленген қаражатты төлеп отыруға кеңес береді.

Серіктестер жаңалықтары