Тікелей эфир

Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы Көкшетауда өтеді

Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы Атырауда өтті.

Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы Көкшетауда өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында мәлімдеді.

"Шын мәнінде, мұндай алқалы жиындарды аймақтарда өткізудің мән-маңызы зор. Сол арқылы облыстардың дамуына тың серпін береміз. Осы үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табады. Әйгілі Қасым хан – Сарайшықта, Абылай хан – Бурабайда ордасын тіккені белгілі. Есілдің бойында – Кенесары хан мемлекеттігімізді сақтап қалу үшін талай жорыққа шыққан. Бұл аймақ төл шежіремізде айрықша орын алады. Сондықтан Ұлттық Құрылтайдың төртінші отырысын келесі жылы Көкшетауда өткізуді ұсынамын", – деді мемлекет басшысы.

 

Серіктестер жаңалықтары