Бақытбек Қосжанов пен Асқар Әмірханов жаңа қызметтеріне кірісті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР ҰҚК төрағасының жаңа орынбасарларын тағайындады, деп хабарлайды "Ақорда" сайты.
"Мемлекет басшысының өкімдерімен Бақытбек Жамалбекұлы Қосжанов Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды; Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, Қазақстанның сот орындаушыларының ТЖ кезінде барлық істі тоқтатқаны туралы хабарлаған едік. Бекетаев барлық сот орындаушысының бұл жаңалықтан хабардар екенін айтып сендірді.