Тікелей эфир

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бір айда шекарада 5 мыңға жуық адамды ұстады

ҰҚК 2024 жылғы тамыз айындағы жұмысының қорытындысын шығарды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі 2024 жылғы тамызда шекара кеңістігінде Қазақстан заңнамасын бұзған 4 985 адамды ұстады, деп хабарлады ҰҚК.

Оның ішінде:

  • 36 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін;
  • 48 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін.

Мемлекеттік шекара арқылы 1 746 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:

  • 48 – есірткі заттары;
  • 103 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (11 түрлі мылтық пен тапанша, 99 бірлік суық қару, 464 оқ-дәрі);
  • 27– діни әдебиет (492 дана);
  • 664 – жалпы сомасы 108 млн теңгеден асатын жанар-жағар май материалдары (107 000 литрден астам);
  • 729 – жалпы сомасы 3,5 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
  • 175 – жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеден астам валюта.

Каспий акваториясында тоғыз браконьерлік фактілерінің алды алынды:

  • 7 дана жүзу құралы;
  • 8,3 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
  • 14 дана (50,5 кг) бекіре тұқымдас балықтар;
  • 311 дана (716 кг) ұсақ тұқымдас балықтар;
  • 38 дана су тасбақасы.

Алды алынған залал сомасы 19,4 млн теңгені құрайды. Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілмеген, барлық өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары