Түлек оқу бітірген соң Ұлттық банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасады.
Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін 50 білім грантын бөлді. Атап айтқанда:
- "Назарбаев университеті" ДББҰ жоғары бизнес мектебінде "Қаржы бойынша ғылым магистрі" мамандығы бойынша – 15 грант. Оқу кезеңінің ұзақтығы – 16 ай;
- "Нархоз университеті" КЕАҚ "Қаржы талдаушысы", "Қаржылық тәуекел-менеджмент", "Макроталдау және болжау мамандығы бойынша – 20 грант. Оқу кезеңінің ұзақтығы – 2 академиялық жыл;
- "Қазақстан-Британ техникалық университеті" АҚ "Қаржылық тәуекел-менеджмент және деректер туралы ғылым", "Макроқаржы және деректер туралы ғылым" және "Қаржылық технологиялар" мамандығы бойынша – 15 грант. Оқу кезеңінің ұзақтығы – 2 академиялық жыл.
"Бағдарламалар аясында қаржы, экономика, қаржылық технологиялар, бухгалтерлік есеп, тәуекел-менеджмент, статистика, эконометрика, математика, машиналық оқыту және бағдарламалау бойынша мамандар даярланады", – деп жазылған хабарламада.
Бағдарламалар бойынша оқу кезеңі 2023 жылғы тамыз-қазанда басталады деп жоспарланған. Оқуға түсу үшін кандидаттар университеттердің талабы мен өлшемшартына сәйкес, конкурстық іріктеуден өтуі керек.
Оқу аяқталғаннан кейін түлекті Ұлттық банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналастыру көзделген.