Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қиылыстарының бірінде газ тасымалдағыш пен жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан жарылыс болды. Одан кейін шыққан өрт жақын маңдағы ғимараттар мен көліктерге тез тарады, деп хабарлайды News.mn.
Қайғылы оқиға алты адамның өмірін жалмады, оның ішінде үш жергілікті тұрғын мен үш өрт сөндіруші бар. 14 адам түрлі жарақаттар алып, зардап шеккен. Төтенше жағдайлар қызметі өртті ауыздықтап, қазір оның салдарын жоюға жұмылуда.
Алдын ала мәлімет бойынша, күйік орталығына жеткізілген он адамнан бөлек, тағы төрт бала ауруханаға жатқызылған. Өрт салдарынан 30 көлік жанып, зардаптарды жоюға жұмылдырылған төтенше жағдайлар қызметінің жеке құрамы 600 адамнан асты. Оқиға орнында 48 техника болды.
Оқи отырыңыз: Үй өртенді: Қостанай тұрғыны қала әкімінен 14 миллионға жуық теңге өндіріп алды
Жақын маңдағы үйлердің 40-қа жуық тұрғыны уақытша эвакуацияланып, қонақүйлерге орналастырылды.