Тікелей эфир

"Ұл-қызды теріс уағызбен емес, ұлттық тәрбиемен жөнге саламыз". ҚМДБ депутат пікіріне қатысты мәлімдеме жасады

Діни басқарма дәстүрлі Ислам құндылықтарын үздіксіз дәріптейтінін хабарлады.

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтайдың қоғамдағы жат діни ағымдардың ықпалы жайындағы депутаттық сауалына орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеме жасады. Депутат жастарды соқыр фанатизмге, радикализмге итермелейтін жат ағымдар, әлеуметтік желіде сананы улайтын теріс уағыздар ұлттық мұрат пен тұтастыққа қауіп төндіріп тұрғанын көтерген болатын. 

"Қасиетті домбырамыздан бастап, тұсау кесу, беташар мен сәлем салу сияқты дәстүріміздің барлығын "харам" деп ата жолынан адастыруға тырысып, тамырымызға балта шабуда. Тіпті, ұлыстың ұлы күні саналатын "Наурыз" мейрамын да қаралаушылар баршылық", – деді Аманжол Әлтай. 


Оқи отырыңыз: Дұғаны онлайн жасауға бола ма? ҚМДБ өкілі жауап берді


Осы орайда, ҚМДБ діни басқарманың қоғамдық бірлестік екенін атап өтіп, қоғам алдындағы міндеттемелерін өз құзіреті аясында атқарып отырғанын мәлімдеді. 

"Мүфтият жыл басында бес бағыт бойынша жұмыстарға басымдық беретінін жариялады. Олар – дін мен дәстүр, ізгі қоғам, ихсан және насихат, діни оқу-ағарту, жат діни ағымдардан сақтандыру", – делінген ресми хабарламада. 

Мүфтият қызметінің бес бағыты: 

  • Дін мен дәстүр бағыты;
  • Ізгі қоғам бағыты;
  • Ихсан және насихат бағыты;
  • Діни оқу-ағарту бағыты;
  • Жат діни ағымдардан сақтандыру бағыты.

"Жастарды деструктивті діни ағымдардың теріс идеологиясынан сақтандыру – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі жұмыс бағыттарының бірі. Бұл – барлық мүфтиден бері жалғасып келе жатқан асыл міндет. Мүфтияттың діни оңалтуға жауапты мамандары өткен жылы қоғамдық орындар мен түзеу мекемелерінде 9928 жеке ықпал ету акцияларын (жеке кездесулер) жүзеге асырды. Жұмыс нәтижесінде жалпы 1477 адамға оң ықпал жасалды. Атап айтқанда, 773 адам қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімделді және 704 адам деструктивті діни ағым идеологиясынан бас тартты", – деп хабарлады ҚМДБ. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
2

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары