Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауапта Үкімет Қазақстандағы басым бағытқа ие 17 жобаның тізімін жариялады. Үкімет ақпаратында олардың іске қосылу мерзімі, жұмсалатын қаржы және қанша жұмыс орны ашылатыны туралы мәлімет бар.
Жобалардың жалпы құны 14 трлн теңгеден асады, қаржыландыру көздері – жеке инвестициялар және қарыз қаражаты.
- металлургиялық кластер (Павлодар облысы), "Mineral Product International" ЖШС, инвестиция көлемі – 228,5 млн доллар, 526 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2026 жыл;
- ыстықтай брикеттелген темір өндіру зауыты (Қостанай облысы), "ССКӨБ" АҚ (ERG), инвестиция көлемі – 1 млрд доллар, 500 жұмыс орнын құрыу, іске қосу мерзімі – 2028 жыл;
- Qarmet зауытын жаңғырту (Қарағанды облысы), "Qazaqstan Steel Group" ЖШС, инвестиция көлемі – 3,5 млрд доллар, аяқтау мерзімі – 2028 жыл;
- мыс балқыту зауыты (Абай облысы), "KAZ Minerals Smelting"/NFC" ЖШС, инвестиция көлемі – 1,3 млрд доллар, 1083 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2028 жыл;
- "Ертіс" құрамында алтыны бар жоғары көміртекті сульфидті концентраттарды қайта өңдеу жөніндегі гидрометаллургиялық комбинат, Polymetal International plc., инвестиция көлемі – 654,5 млн доллар, 500 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2028 жыл;
- бутадиен және оның туындыларын шығаратын зауыт (Атырау облысы), "Бутадиен" ЖШС, инвестиция көлемі – 900 млн доллар, 750 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2028 жыл;
- полиэтилентерефталат өндіретін зауыт (Атырау облысы), "KMG PetroChem" ЖШС, инвестиция көлемі – 1,5 млрд доллар, 800 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2029 жыл;
- Интеграцияланған газ-химия кешені – газ сепарациялық кешеннің құрылысы бойынша жобаны іске асырумен екінші кезең (полиэтилен) (Атырау облысы), "Силлено" ЖШС/"KMG PetroChem" ЖШС, инвестиция көлемі – 9,7 млрд доллар, 938 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2029 жыл;
- Шымкент МӨЗ-нің 2-ші кезегін салу (Шымкент қ.), "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, инвестиция көлемі – 5 млрд доллар, 1200 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2030 жыл;
- аммиак және карбамид өндіретін зауыт (Маңғыстау облысы), "КазАзот Prime" ЖШС, инвестиция көлемі – 1,5 млрд доллар, 700 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2028 жыл;
- калий тұздарын өндіретін байыту-өндірістік кешені (Батыс Қазақстан облысы), "Qazaq Kalium Ltd" ЖК, инвестициялар көлемі: 1-кезең – 1,25 млрд доллар, 2-кезең – 1 млрд доллар, 3-кезең – 1 млрд доллар, 4900 жұмыс орнын құру, бірінші кезеңді іске қосу мерзімі – 2027 жыл, екінші кезең – 2030 жыл, үшінші кезең – 2035 жыл;
- KIA автомобильдерін шығаратын зауыт (Қостанай облысы), "KIA Qazaqstan" ЖШС, инвестиция көлемі – 191,5 млн доллар, 1500 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2025 жыл;
- Қытай автомобильдерінің шығаратын мультибрендті зауыт (Алматы қ.), "Astana Motors Manufacturing Kazakhstan" ЖШС, инвестиция көлемі – 387 млн доллар, 3600 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2025 жыл;
- көпфункционалды туристік аудан (Астана қ.), "Ellington Group Kaz Ltd.", инвестиция көлемі – 412 млн доллар, 2000 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2026 жыл;
- Ақтау қ. "жылы жағажайды" кешенді дамыту (Маңғыстау облысы), Bazis-A, BI Group, FTG Group (Sembol) Tethys Aktau, инвестиция көлемі – 292 млн доллар, 5000 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2026 жыл;
- бидай мен бұршақты терең өңдейтін интеграцияланған агроөнеркәсіптік кешен (Астана қ.), Tiryaki Agro (Түркия)/Hassad Food (Қатар), инвестиция көлемі – 400 млн доллар, 400 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2026 жыл;
- бидай дәнін терең өңдеу зауыты (Қостанай облысы), "Qostanai Grain Industry" ЖШС, инвестиция көлемі – 149 млн доллар 650 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2027 жыл.
"Жобалардың жалпы құны 14 трлн теңгеден асады, қаржыландыру көздері – жеке инвестициялар және қарыз қаражаты. Бұл ретте республикалық бюджеттен қаржыландыру жобалардың әзірлігіне қарай тек қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізу үшін ғана қаралатын болады. Бұл жобалар толық қуатына шыққан кезде 24 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, экспорт 6 трлн теңгеден астам сомаға ұлғаяды, импортты алмастыру жыл сайын 1,5 трлн теңгеден асады", – делінген жауапта.