Тікелей эфир

ТЖД қар көшкіні қаупіне байланысты Алматы облысының таулы аймақтарына шықпауды сұрайды

Алматы облысында қар көшкіні жүруі мүмкін 55 аумақ бар.

Алматы облысының таулы аймақтарында 2024 жылдың 8-11 қаңтары аралығында қар көшкіні жүру қаупі сақталады. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен туристерге ескертті.

"ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауды сұрайды", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Қазақстанның 7 таулы аймағына онлайн-режимде мониторинг жасайтын қондырғылар орнатылады


Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.

Серіктестер жаңалықтары