Тікелей эфир

Түркияда ұсталған Серік Күдебаев Қазақстанға жеткізілді

Оған халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Бас прокурор Берік Асылов Алматы облысы ішкі істер департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың Түркияда ұсталып, Қазақстанға жеткізілгенін хабарлады.

Айта кетейік, 3 сәуірде Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлеп әкелінуі тиіс еді, себебі сотталушы алдыңғы сот отырысына келмеген. Бұған дейін Серік Күдебаевтың ауруханаға жатқызылғаны, сол себепті Талдықорғандағы сот отырысына келе алмағаны жайлы ақпарат тараған еді. Кейін оның Бішкек арқылы Ыстамбұлға ұшып кеткені анықталып, халықаралық іздеу жарияланды. 


Оқи отырыңыз:


Еске салайық, Серік Күдебаев Алматы полиция департаментін 7 жыл басқарып, 2020 жылы Алматы облысы полициясының басшысы болып тағайындалды. Қаңтар оқиғасынан кейін, 2022 жылғы 18 ақпанда ішкі істер органдарынан өз еркімен қызметтен кетті.

Ал мамыр айында Бас прокуратура Серік Күдебаевтың қаңтар оқиғасына қатысы барын хабарлап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 370-бабының 4-бөлігінің 1-тармағы – "Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік" бойынша жүргізілді. 

Серіктестер жаңалықтары