Тікелей эфир

Түркістанда республикалық жыр мүшәйрасы өтті

Мүшәйраға Қазақстан өңірлерінен 110 ақын қатысты.

Түркістан қаласында "Адамзаттың ардағы, қос дүние сардары" тақырыбында өткен республикалық жыр мүшәйрасы мәреге жетті, деп хабарлады Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы.

Наиб мүфти Сансызбай қажы Құрбанұлы бастаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерлері мен әділ қазылар мүшелері жеңімпаздарды марапаттады.

Еліміздің әр аймағынан 110 ақын қатысқан бәйгеде топ жарғандардың тізімі төменде:

  • Бас жүлде – Абай Ораз (Ұлытау облысы) – автокөлік;
  • І орын – Қуанышбек Шарманов (Абай облысы) – 1 млн теңге;
  • ІІ орын алғандар: Бауыржан Ширмединұлы (Батыс Қазақстан облысы) – ұмра қажылығы, Біржан Байтуов (Шымкент) – ұмра қажылығы, Нұрқанат Қайрат (Павлодар облысы) – ұмра қажылығы.
  • Үшінші орын алған Қажымұқан Абзалов, Батырхан Сәрсенхан, Жәкеш Ғалым сынды ақындарға 500 мың теңгенің сертификаты табысталды.
  • "Серік Қалиев" атындағы жүлдені ұтып алған Біржан Ахмер (Астана қаласы) 300 мың теңгені иеленді.
  • "Әселхан Қалыбекова" атындағы жүлде Алпамыс Файзоллаға (300 мың теңге) бұйырды.
  • "Шал ақын" атындағы жүлдеге астаналық ақын Алмас Ақтасов (300 мың теңге) лайық деп танылды.
  • "Майлықожа" атындағы жүлде астаналық ақын Жадырасын Дәулетке (300 мың теңге) бұйырды.

Оқи отырыңыз: "Құдайдың аманатына қиянат". Бас мүфти TikTok-та қате уағыз айтатын имамдарға ескерту жасады


 

Серіктестер жаңалықтары