Тікелей эфир

Түркістан облысының тұрғыны 24 жыл бойы құжатсыз жүрген

Полицейлер оған жаңа төлқұжат жасап берді.

Орта жастағы әйел адам Түркістан облысындағы Созақ аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметіне келіп, құжат алуға өтініш білдірген. Бұл туралы polisia.kz хабарлады.  

Әйел 1998 жылы Өзбекстаннан Қазақстанға көшіп келген. Содан бері отбасылық жағдайына байланысты 24 жыл құжатсыз жүрген. 

"Көші-қон полицейлері Шахноз Мадаминоваға құжат рәсімдеді. Тәртіп сақшылары әйелге заңға сәйкес төлқұжат жасап берді", – деді полиция баспасөз қызметі. 


Оқи отырыңыз: 3-7 мың теңгеге Өзбекстаннан келуге рұқсат беретін жалған құжат жасаған Сарыағаш ауруханасының медбикесі ұсталды


 

Серіктестер жаңалықтары