Түркістан облысының экс әкімі енді – Тоқаев әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары

Дархан Сатыбалды. Фото: Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайты
Дархан Сатыбалды. Фото: Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайты
Дархан Сатыбалды Түркістан облысын 2,5 жылға жуық уақыт басқарды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Сатыбалдыны Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Дәл осы жарлықпен ол Түркістан облысы әкімі қызметінен босатылды. 

"Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын", – делінген президент жарлығында. 

Дархан Сатыбалды 1974 жылы 26 наурызда Түркістан облысы Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Ол Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын және Қазақ гуманитарлық-заң университетін тәмамдаған. 

Шымкент әкімі, Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі қызметтерін атқарды. Түркістан облысын 2022 жылғы жаздан бері басқарған болатын. 

Серіктестер жаңалықтары