
Түркістан облысында Мемлекет басшысының сапалы медицинаның қолжетімділігін арттыру, инфрақұрылымын жақсарту бағытында жүйелі жұмыс атқарылуда.
Бұл жұмыстар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бақылауына алынған.
- Бүгін Түлкібас ауданына қарасты Мақталы және Тастыбұлақ ауылының тұрғындары қуанышқа кенелді. Бұлай дейтініміз, аталған елді мекендерде көп жылдан бері тұрғындарды мазалаған мәселенің түйіні шешіліп, заманауи медициналық нысандар ел игілігіне пайдалануға берілді.
- Қос ауылдың тұрғындарының қуанышымен Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев және аудан әкімі Асқар Естібаев бөлісіп, жаңа ғимараттарының ашылуымен құттықтады.
- 1600-ден астам тұрғыны бар Мақталы ауылындағы дәрігерлік амбулатория мен 400-ге жуық халқы бар Тастыбұлақ ауылында білікті мамандар халыққа қызмет көрсетпек. Ғимараттардың ашылу салтанаттында ақ жаулықты аналар шашуын шашып, абыз ақсақалдар игі іске мұрындық болған жандарға изгі тілектерін білдіріп, ақ баталарын берді.
- Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады. Атап айтсақ, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында, облыс әкімдігінің қолдауымен медициналық тіректі қажет ететін 12 ауылда заманауи медициналық нысан соғу жоспарлануда.
- Бүгінгі таңда қажетті құжаттары рәсімделіп, әкімдік тарапынан жер телімдері қарастырылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі