Табиғи апаттан зиян шекен Қазығұрт, Сарыағаш аудандары мен Кентау тұрғындарына өтемақы төленеді. Қаржы арнайы комиссия шешімімен облыстық бюджеттен бөлінеді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әкімдік мәліметінше, қазір арнайы комиссия тұрғындар шығынының көлемін есептер жатыр.
"Ережеге сәйкес, есеп жүргізу аяқталған соң үй жануарларының шығыны өтеледі. Тұрғын үйлер қалпына келтіріліп, ғимараттар мен тұрғын үйлер шатыры мен шаруашылық ғимараттарын жөндеуге көмек көрсетіледі", – делінген баспасөз хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Павлодарға қоныстанған қандастар Моңғолия мен Өзбекстанға кері қайтпақ
Еске салсақ, 24 сәуір күні Түркістан облысы Қазығұрт, Сарыағаш аудандары мен Кентау қаласын су басып, 50 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Алдын ала есепке сәйкес, 53 үйдің ауласы, 19 үй, 16 ғимарат пен бір мейрамханаға су кірген. Мұнымен қатар, 370 бас мал шығыны тіркелген.