Түркістан облысында жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісі Астана уақытымен таңғы 8:24-те тіркелген.

Сейсмологтар Түркістан облысында жер сілкінгенін мәлімдеді.

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, жер сілкінісі бүгін, 9 желтоқсанда Астана уақытымен таңғы 8:24-те тіркелген. 

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 742 км жерде орналасқан. Есептік қарқындылығы Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Атакент ауылында 2 балды құраған.

"Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ", – делінген хабарламада. 
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары