Тікелей эфир

Түркістан облысында тұрмыстық қалдықтарды азық-түлікке айырбастауға болады

Шыны, пластик, алюминий шөлмектер мен полиэтилен пакет, қағаз қаптамалар қабылданады. 

Түркістан облысында тұрмыстық қалдықтарды азық-түлікке айырбастауға болады. Өңірдің экобелсенділері осындай тың бастаманы қолға алған. Бұл туралы "Хабар 24" хабарлады.

Қайта өңдеуге жарамды қоқыстың кез келген түрі, шыны, пластик, алюминий шөлмектер мен полиэтилен пакет, қағаз қаптамалар да қабылданады. 

"Біз қайта өңдеуге болатын қалдықтардың барлық түрін қабылдаймыз. Бекітілген бағасына сәйкес картоп, қарақұмық, құмшекер мен пияз сияқты әлеуметтік маңызы бар тауар түрлеріне айырбастаймыз. Ал қабылданған заттарды Шымкент, Кентау, Алматы қалаларындағы зауыттарға жөнелтеміз. Барлығымен келісімшарт жасастық. Тек сұрыптап, сығымдаудан өткізуіміз керек,– деді жоба жетекшісі Владислав Голярко.

Жоба әзірше Сайрам ауданында жұмыс істеп тұр. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары